Димаштың Нью-Йорктегі концерті туралы деректі фильм жақында көрерменге жол тартады
Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жеке концертін өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері Нью-Йорк әуежайынан ерекше қарсы алған еді.
Dears қауымдастығы Димаштың әндерін қосып, биыл жазда хит болған "Tau Ishinde" әнін бірге шырқады. Әншіні көрген сәтте жанкүйерлер оны ду қол шапалақпен қарсы алып, гүлдер мен сыйлықтар тарту етті. Халық әртісі жанкүйерлерімен емен-жарқын сөйлесіп, қолтаңба берді. Бірге суретке түсіп, олармен бірге әйгілі "Besame Mucho" әнін орындады.