Қазақ анимациясы АҚШ кинотеатрларының экранында: «KÖLEÑKE» жүлде алды

2 513

Фото: Opennews.kz ЖИ«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі шығарған «KÖLEÑKE» (18+) анимациялық жобасы АҚШ-та өткен PFCAT (Portland Festival of Cinema, Animation & Technology) халықаралық фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Туынды хоррор-анимация жанрында «Өзгеше көзқарас пен шығармашылық шеберлік үшін» жүлдесімен марапатталды.

Фестиваль мамандары туындыдағы авторлық қолтаңба мен көркемдік ерекшелікті жоғары бағалады. «KÖLEÑKE» жобасын отандық мамандардан құралған шығармашылық топ әзірледі.

Сценарий авторы – Ернар Тілеубаев, қоюшы режиссері – Мақсат Аяпов, қоюшы суретшісі – Даир Жиенқұлов, атқарушы продюсері – Нұржігіт Сұлтанберді.

Бұдан бөлек, «Қазақанимацияның» фолк-хоррор жанрындағы «Su perisi» мен «Shańyraq» драмасы фестивальдің негізгі бағдарламасынан орын алды.

Бұл туындылар Портленде алғаш рет шетелдік көрерменге көрсетілді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.