Қарағандыда ғажайып жәдігер табылды

384

 Фото: видеодан скриншотСалмағы 25 келі тартатын мыс қазанның табылуы  орталық Қазақстан үшін теңдессіз оқиға. Оның ішінде сақталған заттарды зерттеу  еліміздің ең мықты мамандарына жүктелді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

Қырым Алтынбеков – консервация және реставрация жөнінен жеке   әдістеменің авторы.

Қырым Алтынбеков, ғылыми реставрациялық зертхананың жетекшісі:

 - Бұл біздің эрамызға дейінгі  4-3 ғасыр. Жетісулыққа ұқсайды. Бұл жаққа қалай келгені белгісіз. Археологтар қорымдық, яғни  рәсім өткізуге арналғанын айтады.   Оның бәрін  зерттеу барысында  анықтаймыз.  Біз бір табылған дүниелерді  зақым келмейтіндей етіп сақтаймыз. Ыдыстың ішіндегі заттарды алып шығу көп еңбекті талап ететін жұмыс. Қолөнер шеберлерінің туындылары ежелгі темір дәуіріне сәйкес келеді. Қымбат тұратын ер-тұрман, ат әбзелдері қола әшекейлермен безендіріліпті.


Игорь Кукушкин, археолог:
 
- Ең қызық олжа жан-жануарлардың бейнесі болып отыр. Жылқының суреттерінен  жүгендерді де көруге болады. Жыртқыш аңдардың суреттері бар. Жолбарыс тектес иттердің  нышаны кездеседі. Олардың ақсиған тістері салт аттыны қорғауда магиялық рөлге ие болған. Немесе оның қай тайпаға жататынын білдірген.


Елімізде осы тектес бірнеше қазан бар екен.  Олар осы жерден алшақ жатқан  Жетісу өңірінен табылыпты.  Бұл  жолғы жәдігердің ерекшелігі,   арнайы жасақталған қорымнан шықты. Ол – Қарағандыдан 120 шақырымда орналасқан  Талды тарихи-археологиялық музейі. Онда түрлі кезеңдерге жататын қорғандардың саны өте көп.

Құнды жәдігер  жан-жақты зерттеледі. Бұған  бірнеше ай керек. Ал көне артефактының  қай музейге қойылатынын республикалық комиссия шешеді.