Анкара халықаралық кітап көрмесінде қазақ қаламгерлерінің шығармалары таныстырылды
392
Түркия астанасы Анкара қаласында 16-шы халықаралық кітап көрмесі аяқталды. Бұл жолы көрмеге Қазақстан «қонақ ел» ретінде қатысып, оқырманға қазақ қаламгерлерінің шығармалары таныстырылды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлының айтуынша, еліміздің Анкара кітап көрмесіне қатысуындағы басты мақсат – түрік оқырманына қазақ авторларының шығармаларын таныстыру.
«Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Осы орайда мұндай келелі іс-шаралар екі елдің мәдени-ғылыми байланыстарын одан әрі күшейте түсетіндігі сөзсіз», - деді Елші.
2005 жылдан бері жылына екі рет өткізілетін Анкара кітап жәрмеңкесі аясында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметовтің «Колумб дәуірінен бұрынғы америкалық «үндістердің» алтайлық тегі», белгілі жазушы Кенан Коч пен Аябек Байниязовтің «Түрікше-қазақша, қазақша-түрікше сөздігі», Нұрғали Ораздың түрікшеге аударылған «Қазығұрт оқиғалары», Орхан Сөйлемез, Аябек Байниязов және Шапағат Жалмановтың «Ақындардың көзімен – домбыра», Бауыржан Қарағызұлының «Крават» өлеңдер жинағы, қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың «Көроғлы дастаны», Мәлік Отарбаевтың «Юнус Эмре» жырлары, жазушы ғалым Куршад Зорлуның «Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы даланың рухани жаңғыруы», «Ақындардың көзімен – Абай», Әбіш Кекілбаевтың түрікшеге аударылған кітабы таныстырылды.
Сондай-ақ көрме аясында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі және Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің бірлесіп ұйымдастырумен қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орайластырылған конференцияны ашқан Елші Абзал Сапарбекұлы Жамбылдың қазақ әдебиеті мен адамзат тарихындағы орны ерекше екендігіне тоқталды.
«Ұлы Дала Гомері атанған Жамбыл көзі тірісінде-ақ әлемге әйгілі болып, құрметке бөленді. Өз ұлтының рухани қазынасын, Ұлы даланың терең философиясын жырларында көрсете білген Жамбыл ескі мен жаңаны ұштастыра білген», - деді ол.
Конференцияда түріктің бірнеше ғалымы Жамбыл өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасады. Іс-шара соңында қатысушыларға Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен басылып шығарылған кітаптар тарту етілді.
Айта кетейік, бұған дейін Италия, Франция, Иран және Ресей бұл көрмеге «қонақ ел» мәртебесінде қатысқан болатын. Ал бұл жолы Қазақстан «қонақ ел» ретінде қатысып жатқан 16-шы Анкара халықаралық кітап көрмесіне 350 жазушы, 174 баспа үйі ат басын бұрып, 100 мыңнан астам кітап оқырман назарына ұсынылды. Сонымен қатар көрме аясында 43 жазушымен кездесу өтті.