"КешYOU" тобының экс-солисі қалыңдық атанды

426
"КешYOU" тобында өнер көрсетіп қалың көпшілікке танылған әнші Назым Әбілдина жақында тұрмысқа шықпақ. Шоу-бизнес жұлдызының сүйіктісі оған үйленуге ұсыныс жасап, "иә" деген жауап алған.

Назым Әбілдина қуанышты жаңалығымен бірден Instagram желісінде бөліскен. Қалыңдық атанған әнші ару арнайы видео жариялап, қалың көпшілікке өзіне тағылған сақинаны көрсеткен.


 "Мен ең керемет азаматтың қалыңдығы атандым" , - деп жазған Әбілдина бейнежазба астына. 


Назым Әбілдина өмірінде орын алып жатқан қуанышты жағдаймен бөліссе де, болашақ жары кім екенін айтпады. 


Желі қолданушылары бойжеткенді жарыса құттықтап, оған өз ақ тілектерін білдірді. Әншіге жылы лебізін білдіргендер қатарында оның өнердегі әріптестері Аша Матай, Элизат Берікова, Алтынбек Рахметов, Еркеш Хасен де бар. 
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.