"Шабыт" халықаралық шығармашылық байқауының финалдық кезеңі басталды

2 513

Фото: asal.mediaАстана қаласында дәстүрлі «Шабыт» халықаралық шығармашылық байқауының финалдық кезеңі басталды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Биылғы байқауға Қытай, Ресей, Түркия, Италия, Қырғызстан және Өзбекстаннан танымал музыканттар мен өнер қайраткерлері қазылық етеді. 28-рет ұйымдастырылып отырған фестиваль Қазақстан мен шетелден келген 800-ден астам талантты жас қатысушыны біріктірді. Финалистердің өнер көрсету реті жеребе арқылы анықталады.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің айтуынша, «Шабыт» қаламен бірге дамып келе жатқан бірегей шығармашылық алаң болып табылады. Фестиваль жас таланттарды қолдап, олардың шығармашылық әлеуетін әлемге танытуға мүмкіндік береді.

Жеңімпаздар мен Гран-при иегерлері 22 қарашада Қазақ ұлттық өнер университетінде салтанатты түрде марапатталады. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.