Ақын Олжас Сүлейменов Францияның ұлттық орденімен марапатталды

469

Фото: Олжас Сүлейменовтың жеке қорыФранцияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канесс қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовке «Француз Республикасы Құрметті Легионының Ұлттық Орденін» табыстады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетерлігі, ақынға кавалер дәрежесі емес, бірден «Құрметті Легион Орденінің Офицері» атағы берілді. Бұл үш деңгейлі орден әр сала бойынша ерен еңбегі үшін тапсырылады.

«Олжас Омарұлы бұл жоғары наградамен ядролық қаруға қарсы қозғалыстағы сіңірген еңбегі үшін және әртүрлі халықтардың мәдениеттерін жақындастыруға қосқан үлесі үшін марапатталды», – дейді елші Дидье Канесс.


 Ғалым Мұтанов, бүкіләлемдік өнер және ғылым академиясының мүшесі
:

– Француз Республикасының ең жоғарғы марапаттарының бірі болып саналады. Бұл марапатқа ие болу үшін ол тек қана өз елінде емес, әлемдік деңгейде танымал болу керек. Өз ісімен елдерді жақындастыратын, бейбітшілікті сақтауда сонымен қатар мына Франция мен Қазақстан арасында қарым-қатынасқа сіңірген еңбегі деп бағалуымыз керек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.