Қазақстандық мамандар шетелдік әріптестеріне петроглифтерді қалпына келтіру технологиясын үйретеді
279
Бұл жөнінде «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейінде өткен халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияда айтылды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Жиынға Әзербайжан, Түркия және еліміздің белгілі археолог ғалымдары қатысып, жартас өнерін сақтау мен консервациялау тақырыбындағы құнды пікірлерін ортаға салды.
«Таңбалы» жартастарындағы суреттер мен бейнелер әлі де зерттеуді қажет етеді. «Өйткені келген сайын әр таңбаны жаңа қырынан танимыз дейді халықаралық конференцияға қатысқан ғалымдар. Таңбалы шатқалының аумағында біздің заманымызға дейін 14 ғасырдың ортасынан, 20 ғасырға дейінгі аралықты қамтыған 5 мыңнан астам петроглиф, қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар мен ғибадатханалар орналасқан. Археологиялық кешендегі бейнелерді толық қалпына келтіру жұмысы 2013 жылы аяқталған еді. Бұл қыруар шаруа отандық археологтар мен тарихшылардың арқасында атқарылды. Жиын барысында шетелдік меймандарға жартас өнерін сақтау мен қалпына келтірудың жаңа технологиялары көрсетілді.
Зейнолла Самашев, археолог, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
– Атқарылып жатқан жұмыстарын көрдік. Бүлініп жатқан көптеген жартас суреттерін қайтадан қалпына келтіріп, жаңа технологиямен атқарылып жатыр. Осының барлығын басқа облыстардағы осындай ескерткіштерге қолдану керек. Бұл өте жақсы тәжірибе.
Конференцияға келген түркиялық және әзербайжандық тарихшылар да өз тәжірибелерін ортаға салды. Мысалы, Әзербайжандағы «Гобустан» тарихи көркем қорық мұражайында 150-ден астам петроглиф сақталыпты. Олар да тарихтың түрлі кезеңдерін қамтиды. Алайда жартас суреттерін қалпына келтіру қолға алынбаған екен. Бұл ретте әзербайжандық ғалымдар «Таңбалының» тәжірибесіне сүйенбек. Сондықтан тәжірибе алмасу мақсатында «Таңбалы» мен «Гобустан» мұражайлары арасында екіжақты меморандумға қол қойылды.
Вугар Исаев, Гобустан мемлекетік тарихи-көркем қорық мұражайының директоры: –
«Таңбалыда» тарихи мұраны сақтаудың кешенді бағдарламасымен таныстық. Әсіресе уақыт пен адамның әсерінен көмескі тартқан, тіпті өшіп қалған бейнелерді қалыпқа келтіру технологияларын өзімізде қолданғымыз келеді. Бұл орайда петроглифтерді қорғау мен сақтауда тәжірибе алмасып тұрамыз.
Мадияр Әмірғалиев, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайының директоры:
– Алдағы уақытта «Гобустанмен» жұмыстар атқарылуын көздеп отырмыз. Ол біздің сыртқы елдерге шығып, оның ішінде бірінші кезекте тұрған «Гобустанға» бару жоспарда. Өзіміздің ғылыми қызметкерлердің сол жердегі іс-тәжірибесін көрсету керек.
Таңбалы шатқалы – тек Орталық Азия шеңберінде ғана емес, ғаламдық көлемдегі ең маңызды тарихи археологиялық кешеннің бірі. Жарты ғасыр бойы зерттеу жүргізіліп жатса да, жартастағы суреттер сырын толық ашқан жоқ дейді археологтар. Таңбалыны зерттеп-зерделеудегі тәжірибе еліміздің өзге де өңірлерінде табылып жатқан көне қорымдар мен жартастарды тануға көмектеседі.