Түркістанда жасанды көлі бар жаңа саябақ салынып жатыр
Түркістанда жасанды көлі бар жаңа саябақ салынып жатыр,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі .
Мәліметке сәйкес, саябақтың жалпы аумағы – 32 гектар. Орталығында үлкен жасанды көл орналасады. Саябақ ішінде жаяу жүргіншілерге арналған көпір, субұрқақтар, сарқырама, қарау алаңдары, заманауи қоғамдық тамақтану орындары, архитектуралық аркалар мен арнайы орындықтар болады деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын толық аяқтау 2025 жылға белгіленген.
“Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта негізгі нысандар бой көтеріп, әрлеу жұмыстары жүргізілуде”, – делінген хабарламада.