Түркістан «Түркі әлемінің орталығы» болады
1 003
Түркітілдес елдердің өнері мен мәдениетін дәріптейтін ТҮРКСОЙ-дың киелі Түркістан қаласында кеңсесі ашылуы мүмкін, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар күллі түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанды жаһанға паш ету жолындағы тың жобаларды талқылады. Түркі әлемінің ынтымақтастығын арттыруға арналған маңызды жобалардың іске асырылғаны айтылды. Облыс басшысы халықаралық ұйымның маңызды қызметін айрықша атап өтті.
Кездесу барысында 2021 жылы ресми түрде түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланған Түркістан қаласының әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Өз кезегінде, ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы түркі әлеміне ортақ шаралардың бірқатарын атап өтіп, келер жылы Түркістанда жастар арасында өтетін этнофестиваль мен халықаралық форумның маңыздылығын атап өтті. ТҮРКСОЙ желісі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін іс-шаралар мен жобалар туралы хабардар етті.
Кездесуде Түркістан музыкалық драма театрындағы балет труппасының шеберлігі мен мүмкіндігі нәтижесінде ел назарын аударған «Қорқыт туралы аңыз» атты пластикалық спектакльдің түркітілдес елдеріне турне жасауы туралы мәселе көтерілді. Сондай-ақ Turkistan телеарнасын түркіге ортақ ақпарат алаңына айналдыру мәселесі сөз болды. Халықаралық телеарнаның ақпарат алмасу мен медиа кеңістік қалыптастыруға бағытталған алтын көпір болу жолында түркітілдес елдерде бөлімше ашу жайы да айтылды.
Сонымен қатар Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» ғимараты салынатын болды. Аталған нысанның сәулеттік-көркемдік келбетін, кешенді сәулет тұжырымдамасын әзірлеу үшін республикалық ашық байқау ұйымдастырылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен сәулетшілер қатысып, 17 жоба ұсынылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған арнайы көрмеге қойылған жобалармен танысып, сәулетшілер мен мүсіншілермен кездесті.
Түркістан облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасы ұйымдастырған байқаудың екінші кезеңіне іріктеуден өткен үздік жобалар жіберілетін болды.
2021 жылы 31 наурызда «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өткен болатын. Саммитте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында түркі халықтарына ортақ сәулет нысанын салуды тапсырды. Осыған орай Түркістан облысының әкімдігі осы ашық байқауды ұйымдастырып отыр. Байқауға қатысушыларға Түркістанның тарихи келбетін сақтай отырып, жаңа нысанның тұжырымдамасын әзірлеу талабы қойылған. Түркі әлемінің орталығы ғимараты түркітілдес елдердің бірлігі мен ынтымағын білдіретін рухани орталыққа айналуы тиіс.

"Түркі мемлекеттерінің өзара байланысын арттыруда ТҮРКСОЙ-дың миссиясы зор. Түбі бір түркі халықтарының мәдениетін дәріптеп, мәдени құндылықтарын сақтау жолындағы еңбектеріңіз ерен. Күллі түркі әлемінің рухани астанасы ретінде біз де мәдениет пен өнер саласындағы мәселелерге баса мән береміз. Бұл бағыттағы бастамалар мен тың жобаларға қуана қолдау білдіреміз. Ұлттық тағылымы мол, жаңа танымдық жобаларға және әдебиет пен ғылымды дамытуға бағытталған бастамаларға айрықша назар аударамыз",— деді Дархан Сатыбалды.
Кездесу барысында 2021 жылы ресми түрде түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланған Түркістан қаласының әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Өз кезегінде, ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы түркі әлеміне ортақ шаралардың бірқатарын атап өтіп, келер жылы Түркістанда жастар арасында өтетін этнофестиваль мен халықаралық форумның маңыздылығын атап өтті. ТҮРКСОЙ желісі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін іс-шаралар мен жобалар туралы хабардар етті.
Кездесуде Түркістан музыкалық драма театрындағы балет труппасының шеберлігі мен мүмкіндігі нәтижесінде ел назарын аударған «Қорқыт туралы аңыз» атты пластикалық спектакльдің түркітілдес елдеріне турне жасауы туралы мәселе көтерілді. Сондай-ақ Turkistan телеарнасын түркіге ортақ ақпарат алаңына айналдыру мәселесі сөз болды. Халықаралық телеарнаның ақпарат алмасу мен медиа кеңістік қалыптастыруға бағытталған алтын көпір болу жолында түркітілдес елдерде бөлімше ашу жайы да айтылды.
Сонымен қатар Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» ғимараты салынатын болды. Аталған нысанның сәулеттік-көркемдік келбетін, кешенді сәулет тұжырымдамасын әзірлеу үшін республикалық ашық байқау ұйымдастырылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен сәулетшілер қатысып, 17 жоба ұсынылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған арнайы көрмеге қойылған жобалармен танысып, сәулетшілер мен мүсіншілермен кездесті.
"Түркістанның әрбір нысаны талапқа сай болуы тиіс. «Түркі әлемінің орталығы» ғимараты атына сай болып, құрылыс саласының соңғы технологиялары қолданылған жөн. Оған уақыт та, мүмкіндік те бар", – деген Дархан Сатыбалды жобаларды жетілдіру жөнінде өз ұсынысын айтты.