Қарағандылық домбырашылар халықаралық фестивальде бас жүлде иеленді

414
Қарағанды қаласының «Қарақат» мектеп-студиясының тәрбиеленушілері ISTANBUL AUTUMN І халықаралық өнер фестивалінде жоғары нәтиже көрсетті- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Түркияда өткен байқауда жас дарындар 21 медаль, кубок және сегіз жолдама жеңіп алды. Ал фестивальдің Бас жүлдесін «Самғау» домбырашылар ансамблі иеленді.

«Біздің ұжым қыркүйек айында құрылып, екі айдың ішінде үш күй үйрендік. Байқауда олардың екеуі – «Көксерек» пен «Секіртпе» орындадық. Ансамбльде бізде 11 бала бар. Фестивальде қазылар алқасына біздің номинация брйынша 48 қойылым ұсынылды. Байқауға қатысушылар бес елден болды. Біз Гран-при иегерлері ретінде тағы екі жолдама алдық – Болгария мен Италияға. Италияда байқау шілде айында, ал Болгарияда тамыз айында өтеді. Біз оларға дайындықты бастап кеттік және жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз», – деді ансамбль жетекшісі Жазира Омарова.

Сондай-ақ, қарағандылық таланттар «Вокал» номинациясында жақсы нәтижелер көрсетті. Жания Аманжол, Айлана Марат, Самал Жомартхан, Тілеу Серікқали бірінші орынды иеленіп, Италияға жолдама алды.

Осы категорияда бірінші болып Айша Төлеубек, Әлихан Жұмабек болды.

Үшінші орында – Арлан мен Дінмұхаммед Бегендік. Жетекшілері – Бимария Ыбырай және Жұлдызай Құмаш.

«Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша Ерсұлтан Төлеубек «Бастау» әнімен 1-ші орынға ие болып, Италияға жолдама алды. Жетекшісі – Кәмшат Мүслімова.

Толқын Байшағыр бастаған «Аққу» (жетіген) ансамблі 2-ші орынға жайғасып, Болгарияға жолдама алды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.