Астанада қаламгер Нұрғожа Ораздың 90 жылдық мерейтойы аталып өтті
410
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада ақын, жазушы Нұрғожа Ораздың 90 жылдық мерейтойы аталып өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткен «Сарыарқа саңлағы» атты әдеби кеште қаламгердің өмірі мен шығармашылық жолы туралы пайымды пікірлер айтылды.
Ақын, қоғам қайраткеріСерік Тұрғынбек: «Мені әдебиетке алып келген Нұрғожа Ораз. Жас кезімізде сонау Торғайдың түкпірінде жатқан бізге хат жазып, әдеби жиындарға шақырып тұрды. 1968 жылы сол кездегі Целиноград қаласына алғаш рет келдік. Сонда классик жазушы Ғабит Мүсіреповті бірінші рет көрдім. Ол кезде Алматыға да бармаған кезім. Нұрекеңнің жақсылығын айтып тауыса алмаспын. Нұрғожа аға негізін қалаған «Сарыарқа» журналы Арқа өңірінің тарихы мен әдебиетін жарыққа шығарды», - деп өз ойын ортаға салды.
Ақын-ғалым, Қостанай қаласының тұрғыны Ақылбек Шаяхмет осы шараға онлайн байланыспен шығып, қаламгер ағасы туралы ой толғады. «Қазақ поэзиясында өзіндік үні мен лайықты орны бар ақын Нұрағам әдебиетіміздің, руханиятымыздың солтүстік өңірде өркендеуіне ерекше үлес қосты. Қарымды қаламгер кешегі кеңестік жүйеде Нұраға бастаған ат төбеліндей аз ғана жергілікті ақын-жазушылар бұл өлкеде қазақ тілінің солғын тартып, тамырынан үзіліп қалмауына еңбек сіңірді. «Қаракүйік» романында қазақтың бастан кешкен тағдыр-талайын шынайы сипаттады. Ол Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, «Маяк» ауылында туған. Жерлестері елге қамқор Нұрағаны «Туған жерінің жанып тұрған шамшырағы», «Қаршығалының ақ иық бүркіті», «Сарыкөлдің самородок сары алтыны» деп атайды. Расында да, оның кейінгі толқынға жасаған қамқорлығы өте көп. Асыл ағаның артында айтып кеткен сөзі қалды, жазып кеткен жыры қалды», - деп Ақылбек Қожаұлы қостанайлықтардың сәлемін жеткізді.
Мемлекет және қоғам қайраткері Светлана Жалмағамбетова мерейтойы аталып өтіп жатқан қаламгердің Ақмола өңіріне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз екенін жеткізді. «Осы қалада қазақ рухын жаңғыртуға мол үлес қосқан үш тұлғаны айтар едім. Олар ақын Нұрғожа Ораз, жазушы Алдан Смайыл және режиссер Жақып Омаров. Бұл қалада қандай мәдени шара да Нұрағасыз өтпейтін. Бізге жақсы бағыт-бағдар берді. 1990 жылдардың басында біз зиялы қауым өкілдерін шақырып, ақылдастық. Сонда Нұрағаң бастаған азаматтар үш мәселені алға тартты. «Әуелі қаланың Ақмола атауын қайтаруымыз керек, екіншіден, мешіт салынуы тиіс, үшінші – драма театрын ашуымыз қажет» деді. Халықтың қолдауымен осы істер жүзеге асты. Сондай-ақ қазақ мектептерін ашу мәселелері қолға алынды. Сөйтіп, Ақмола қаласына астана мәртебесі берілгенге дейін іргелі істер атқарылды»,- деді ол.
Шара барысында Ұлттық өнер университетінің студенттері ән шырқады. Өнерлі жастар Н.Ораздың өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.
Сондай-ақ қоғам қайраткерлері Жабал Ерғалиев, Жарасбай Сүлейменов, Бағила Баймағамбетова, ғалым Айтбай Болашев, жазушылар Шәрбану Бисенова мен Роза Мұқанова, ардагер журналистер Қайсар Әлім мен Сәдібек Түгел сөз сөйлеп, Нұрғожа Нарымбайұлының азаматтық тұлғасы туралы сыр шертті. Қаламгердің туған жері – Сарыкөл ауданынан келген Солдат Дүтбаев көзі тірісінде Нұрғожа ағаның жерлестерімен кездесуі ерекше ықыласпен өткенін еске алды. Ақын, журналист Айбатыр Сейтақ Н.Оразды ұстаз тұтатынын айта келіп, арнау өлеңін оқып берді.
Нұрғожа Ораз туралы естеліктерден тұратын «Ғибратты ғұмыр» және ақынның орыс тіліне аударылған өлеңдері енген «Весна души моей» атты қос кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Кеш соңында ақынның жары Айман Қожахметқызы осы әдеби-мәдени еске алу кешін ұйымдастырушыларға, арнайы келіп қатысқан қадірлі меймандарға ризашылығын білдірді.

«Нұрғожа ағамыз рухани әлемнің қайраткері болды. Оның әдебиетке сіңірген еңбек жолын екі кезеңге бөлуге болады. Ол – егемендікке дейін және тәуелсіздіктен кейін. Еліміз азаттық алғанға дейін ұлт тарихын терең қозғаған дүниелер жазды. Әрбір туындысы қазақтың жоғын жоқтады. Қазақ тарихы мен ана тілінің мәртебесін көтеру жолында қажырлы қызмет жасады. Саяси жүйемен күресті», - деді ақын, драматург Баянғали Әлімжанов.
Ақын, қоғам қайраткеріСерік Тұрғынбек: «Мені әдебиетке алып келген Нұрғожа Ораз. Жас кезімізде сонау Торғайдың түкпірінде жатқан бізге хат жазып, әдеби жиындарға шақырып тұрды. 1968 жылы сол кездегі Целиноград қаласына алғаш рет келдік. Сонда классик жазушы Ғабит Мүсіреповті бірінші рет көрдім. Ол кезде Алматыға да бармаған кезім. Нұрекеңнің жақсылығын айтып тауыса алмаспын. Нұрғожа аға негізін қалаған «Сарыарқа» журналы Арқа өңірінің тарихы мен әдебиетін жарыққа шығарды», - деп өз ойын ортаға салды.
Ақын-ғалым, Қостанай қаласының тұрғыны Ақылбек Шаяхмет осы шараға онлайн байланыспен шығып, қаламгер ағасы туралы ой толғады. «Қазақ поэзиясында өзіндік үні мен лайықты орны бар ақын Нұрағам әдебиетіміздің, руханиятымыздың солтүстік өңірде өркендеуіне ерекше үлес қосты. Қарымды қаламгер кешегі кеңестік жүйеде Нұраға бастаған ат төбеліндей аз ғана жергілікті ақын-жазушылар бұл өлкеде қазақ тілінің солғын тартып, тамырынан үзіліп қалмауына еңбек сіңірді. «Қаракүйік» романында қазақтың бастан кешкен тағдыр-талайын шынайы сипаттады. Ол Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, «Маяк» ауылында туған. Жерлестері елге қамқор Нұрағаны «Туған жерінің жанып тұрған шамшырағы», «Қаршығалының ақ иық бүркіті», «Сарыкөлдің самородок сары алтыны» деп атайды. Расында да, оның кейінгі толқынға жасаған қамқорлығы өте көп. Асыл ағаның артында айтып кеткен сөзі қалды, жазып кеткен жыры қалды», - деп Ақылбек Қожаұлы қостанайлықтардың сәлемін жеткізді.
Мемлекет және қоғам қайраткері Светлана Жалмағамбетова мерейтойы аталып өтіп жатқан қаламгердің Ақмола өңіріне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз екенін жеткізді. «Осы қалада қазақ рухын жаңғыртуға мол үлес қосқан үш тұлғаны айтар едім. Олар ақын Нұрғожа Ораз, жазушы Алдан Смайыл және режиссер Жақып Омаров. Бұл қалада қандай мәдени шара да Нұрағасыз өтпейтін. Бізге жақсы бағыт-бағдар берді. 1990 жылдардың басында біз зиялы қауым өкілдерін шақырып, ақылдастық. Сонда Нұрағаң бастаған азаматтар үш мәселені алға тартты. «Әуелі қаланың Ақмола атауын қайтаруымыз керек, екіншіден, мешіт салынуы тиіс, үшінші – драма театрын ашуымыз қажет» деді. Халықтың қолдауымен осы істер жүзеге асты. Сондай-ақ қазақ мектептерін ашу мәселелері қолға алынды. Сөйтіп, Ақмола қаласына астана мәртебесі берілгенге дейін іргелі істер атқарылды»,- деді ол.
Шара барысында Ұлттық өнер университетінің студенттері ән шырқады. Өнерлі жастар Н.Ораздың өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.
Сондай-ақ қоғам қайраткерлері Жабал Ерғалиев, Жарасбай Сүлейменов, Бағила Баймағамбетова, ғалым Айтбай Болашев, жазушылар Шәрбану Бисенова мен Роза Мұқанова, ардагер журналистер Қайсар Әлім мен Сәдібек Түгел сөз сөйлеп, Нұрғожа Нарымбайұлының азаматтық тұлғасы туралы сыр шертті. Қаламгердің туған жері – Сарыкөл ауданынан келген Солдат Дүтбаев көзі тірісінде Нұрғожа ағаның жерлестерімен кездесуі ерекше ықыласпен өткенін еске алды. Ақын, журналист Айбатыр Сейтақ Н.Оразды ұстаз тұтатынын айта келіп, арнау өлеңін оқып берді.
Нұрғожа Ораз туралы естеліктерден тұратын «Ғибратты ғұмыр» және ақынның орыс тіліне аударылған өлеңдері енген «Весна души моей» атты қос кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Кеш соңында ақынның жары Айман Қожахметқызы осы әдеби-мәдени еске алу кешін ұйымдастырушыларға, арнайы келіп қатысқан қадірлі меймандарға ризашылығын білдірді.
Тағы да оқыңыздар
Көне кесене табылды
2 523