Полиция көлігі қаққан сәби көз жұмды

1 532

Фото: ©gov.kzҚайғылы оқиға 13-ші мамыр күні облыс орталығының 27-шағынауданында болған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі dalanews.kz сайтына сілтеме жасап..

Жол талғамайтын көлік кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Салдарынан сәби оқиға орнында жан тапсырған. Маңғыстау облысының полиция департаменті мәліметінше, қызметтік көлікті құқық қорғау органының қызметкері басқарған. 

Полицей 27-шағынаудандағы тұрғын үйдің алдындағы жолда бір жарым жастағы ұл баланы қағып кеткен. Бала есін жимастан оқиға орнында қайтыс болған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша қылмыстық іс қозғалған. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті қаза тапқан баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ведомство басшылығы бұл істі ерекше бақылауға алғанын мәлімдеген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.