Қызылордада оқушы дәрі ішіп өз-өзіне қол жұмсамақ болған
1 804
Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі №11 мектептің жоғары сынып оқушысы өзіне қол салмақ болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қызылорда қаласында 8-сынып оқушысы дәрі ішіп өз-өзіне қол жұмсамақ болды.
Бұл ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Онда мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны айтылған.
«Кеше жасөспірім бір уыс дәрі ішіп, жедел жәрдеммен ауруханаға түскен. Әрине ұстаздарын жазғырудан аулақпыз. Дегенмен, аталған жайттың алдын алуға тиісті мамандардың жол бергені ойландырады. Психолог мамандардың пайымынша өз-өзіне қол салу бір күнде шешілетін мәселе емес, жылдар бойы қордаланып барып сыртқа шығатын жағдай деп есептейді. Мектепте балалармен психологиялық жұмыс аналитикалық түрде жасалып, баланың жан дүниесіне үңілу тыс қалған ба? Аталған жағдайдың алдын алу үшін мектепте алынатын сансыз тесттер мен сауалнамалар не үшін алынады? Әлде алынған нәтижеге мамандар немқұрайлы қараған ба?», – делінген хабарламада.
Қызылорда қалалық Білім бөлімінің мәліметінше,
«Қайырлы күн әлеуметтік желі қолданушылары! Аталған оқиғаға байланысты білім бөлімі төмендегі мәліметті жеткізеді. Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы отбасылық келіспеушілік салдарынан дәрі ішіп, ауруханаға түскен. Бүгінгі таңда жағдайы қалыпты, үйіне шығарылды.",- делінген ведомствада.