Жанар Айжанованың қызы енесі туралы айтты

478

Фото: Жанар Айжанова парақшасыОтандық шоу-бизнес жұлдызы Жанар Айжанованың қызы сәтсіз некесі туралы бар шындықты ақтарды. Айжұлдыз Адайбекованың айтуынша, жолдасы Қыран Талапбек екеуі шын мәнінде тіпті заңды некеге де тұрмаған. Жас дизайнер енесіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз сырымен бөлісті.


Айжұлдыз Адайбекова ұзақ уақыт үнсіздіктен кейін өзін асыға күткен оқырмандарына басынан өткен жағдайды баяндап беруді шешкен. Әртістің қызы Instagram парақшасында сауалнама жүргізіп, елдің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.


 Қалың көпшілік бірінші тұрғыда жас ананың енесімен арада орын алған жағдайы туралы білгісі келген. Дизайнер ару күйеуінің анасы туралы өз ойын айтып, некесі туралы бар шындықты айтты.


 Белгілі болғандай, Айжұлдыз бен Қыран заңды түрде некелеспеген екен. Жанар Айжанованың қызы өзінің ажырасуына қатысты суалға былай жауап қатты: 


"Жоқ. Біз ресми түрде некелесіп үлгермедік. Себебі, ол оны қаламады. Мен оның себебін сол қалпы түсіне алмадым", - деді дизайнер. 


Сонымен қатар, желідегілер Адайбековадан енесі жайлы да сұрады. Олар жұлдызға екінші анасының мінезін неге алдын ала біліп алмағанына таңғалды.


 "Бетпердесі жақсы болған ғой. Негізінде ол менің өнер адамы екенімді жақсы білді. Ол өтірік айтпай, бірден маған "қызым, сен бізге келіспейсің" деуі керек еді. Мен ақымақ адам емеспін", - деп жазды ол. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.