Қызылорда театры халықаралық фестивальде алтын жүлдеге ие болды

2 268

Фото: Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрыНартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының ұжымы халықаралық театр фестивалінде алтын жүлдеге ие болды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

QITFEST халықаралық театр фестивалі 1-6 қазан күндері аралығында Қостанай қаласында алғаш рет ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Иран, Түркия, Грузия елдерінен өнер ұжымдары қатысып, бақ сынады.

— Нәтижесінде А.Островскийдің «Найзағай» драмасын сахналаған қызылордалық театр топ жарды. Қойылымның режиссері — халықаралық, республикалық фестивальдердің лауреаты Дина Жұмабаева, — делінген хабарламада.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.