RUB (+0.03) 7.96 KZT
USD (-1.36) 476.62 KZT
EUR (-3.40) 485.53 KZT
Мәдениет
393

Түркияда Шыңғыс ханның ұрпағына тиесілі сарайдың қалдықтары табылды

Моңғол және түрік археологтары Түркияның Ван аймағынан Шыңғысханның немересі Хулагу ханға тиесілі жазғы сарайдың қалдықтарын тапты, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Моңғол мемлекеттік университетінің тарих факультетінің ғалымдары көне парсы және армян деректерінен ХІІІ ғасырда Хулагу ханның жазғы сарайының орналасқан жері туралы мәліметтерді тапты. Бұл мәліметтерді Ван тарихи мұражайының заттарымен салыстыра отырып, ғалымдар сарайдың қай жерде орналасқанын анықтай алды.
Қазба жұмыстары нәтижесінде керуен сарай мен саз пештің қалдықтары, сондай-ақ хан сарайын еске түсіретін қабырға қалдықтары табылды.


Хулагухан (1217-1265 жж. өмір сүрген) – өз заманындағы ең дарынды моңғол қолбасшыларының бірі. Ол Иранның низарилеріне, Бағдадтағы Аббасид халифатына және Мысыр мен Батыс Азияны билеген Айюбилер сұлтандығына қарсы моңғолдар жорығын басқарды. Нәтижесінде бұл мемлекеттер ыдырап, орнына Хулагу мемлекеті құрылды. Сол кездегі парсы тарихшылары Хулагу ханның әскері 70 мың адам болғанын жазған.


Осы уақытқа дейін әлемде төрт моңғол сарайының қалдықтары табылды. Олар: Ішкі Моңғолиядағы (ҚХР) Құбылай ханның сарайы, Ирандағы Амбағай ханның жазғы сарайы және Астрахань облысындағы Алтын Орданың астанасы «Ескі сарай» деп аталатын Батухан сарайы.