Жүрсін Ерманға 75 жылдық мерейтойында көлік сыйлады

2 515

Фото: qaz365.kzҰлытау облысында Қазақстанның халық жазушысы, белгілі ақын Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына орай оған су жаңа автокөлік тарту етілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мерейтой иесіне сыйлықты жерлестері мен облыс әкімі Есет Байкеннің атынан табыстады. Бұл құрмет қазақтың айтыс өнерінің дамуына зор үлес қосқан ақынның мерейтойына орай көрсетілді.

Айта кетейік, Ұлытау облысында XXXIV республикалық «Ұлытау үні» фестивалі аясында Жүрсін Ерманның 75 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр.

Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен келген 14 белгілі суырыпсалма ақын қатысып, ұлттық сөз өнерінде өзара бақ сынауда. Жүрсін Ерман – Қазақстанның халық жазушысы, «Құрмет», «Парасат» және «Отан» ордендерінің иегері.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.