Димаш Құдайберген Қытайдың «Singer 2024» байқауында өнер көрсетеді

2 556

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimashҚазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық Хунань телеарнасының «Singer 2024» ән байқауының ақтық бәсекесінде өнер көрсетеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қытайлық Weibo әлеуметтік желісінде тараған ақпаратқа сенсек, «Singer 2024» жобасының ақтық бәсекесі 26 шілде күні тікелей эфирде көрсетіледі.


Байқау шартына сәйкес, финалистер бірінші кезеңде арнайы шақырылған әншілермен жұптасып ән шырқайды. 


Ал екінші кезеңге жолдама алған төрт әнші жекелей сында өзара мықтыны анықтайды.


Айта кетерлігі, Димаш ақтық бәсекенің алғашқы кезеңінде құрметті қонақ ретінде сахнаға шығып, «Singer 2024» байқауының қатысушысы Шанте Торрейн Мурмен бірге өнер көрсетеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.