Қызылорда театры халықаралық фестивальде алтын жүлдеге ие болды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының ұжымы халықаралық театр фестивалінде алтын жүлдеге ие болды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
QITFEST халықаралық театр фестивалі 1-6 қазан күндері аралығында Қостанай қаласында алғаш рет ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Иран, Түркия, Грузия елдерінен өнер ұжымдары қатысып, бақ сынады.
Қаз
Рус






