Америкалық роман қазақ тіліне аударылды
454
Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы Гарри Грейдің «Бір кездері Америкада» романын қазақ тіліне аударды. Аудармашы – журналистика ардагері Рымбала Смаилова, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
«Бір кездері Америкада» кітабының тұсаукесері «Қасым үйінде» өтті.
Алғашқы даналары іс-шара қонақтарына таратылып, Бектұров және Гоголь атындағы кітапханаларға берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы биыл әлемдік әдебиетті қазақ тіліне аудару арнайы жобасын бастады.
Қазірдің өзінде екі кітап аударылды – Марио Пьюзоның «Өкіл әке» және Гарри Грейдің «Бір кездері Америкада» кітаптары.
«Гарри Грей өзінің биографиялық романында ХХ ғасырдың басындағы Америкадағы өмірді шынайы көрсеткен: кедейлік, жалпыға бірдей заңсыздық, қылмыстық топтар. Аударма соншалықты күрделі емес, сюжет желісі қызық, диалогтар көп болды. Мен оны үлкен қызығушылықпен аудардым», – дейді Рымбала Смаилова.
«Бір кездері Америкада» кітабының тұсаукесері «Қасым үйінде» өтті.
Алғашқы даналары іс-шара қонақтарына таратылып, Бектұров және Гоголь атындағы кітапханаларға берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы биыл әлемдік әдебиетті қазақ тіліне аудару арнайы жобасын бастады.
Қазірдің өзінде екі кітап аударылды – Марио Пьюзоның «Өкіл әке» және Гарри Грейдің «Бір кездері Америкада» кітаптары.
«Биыл аударма үшін біз тек екі кітап таңдап алдық. Келесі жылдан бастап көбірек аударуды жоспарлап отырмыз. Біздің орталық ересектерді оқытумен айналысады, сондықтан бізде ересектерге арналған кітаптар бар. Болашақта жобамыз сәтті болса, балалар басылымдарын да аудара бастаймыз», – дейді Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Алмагүл Игенова.