Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш бал айына барып келді
482
Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш бал айларын Мысыр елінде өткізді. Бұл қос әртістің неке қию рәсімінен кейінгі алғашқы ортақ демалысы болды.
Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш өткен жылдың соңында мешітте шариғат бойынша некелерін қиған болатын. Алайда, карантин шаралары кесірінен қос ғашық өздері армандағандай үлкен той өткізе алмады.
Ал биыл жұлдызды жұп ештенеге қарамастан бал айына аттануды шешкен. Олардың таңдауы Мысыр еліне түсті.
Жахан мен Балжан ыстық мекендегі демалысы қалай өтіп жатқанымен өз әлеуметтік желілерінде оқырмандарымен бөлісті. Жас жұбайлар шетелде жүрсе де, желідегі белсенділігін жоғалтпады.
"Аман-есен елге оралдық. 2/3 кг қосып келген сияқтымын, соңғы видеоны қарасаңыз түсінесіз. Бал айымыздың бірінші сапары керемет өтті, рахмет Жахан", - деп жазды Балжан.
Әнші арудың сөзінше, оған қонақ үйде кешке ұйымдастырылған концерттер мен ерекше шоулар аса қатты ұнаған. Ал Жаханды онда алып бару біраз қиынға түскен.
"Қонақ үйде күнде кешке концерт болды. Ән айтпақ түгілі концерт көруді сағынып қалыппын. Жаханды сүйреп алып барамын ғой, 10 минут көрейік деп. Оған нөмірде, бассейн алдында миын тынықтырып жатқан көбірейік ұнайды екен", - деп жазды ол.
Мысырдағы демалысы жайлы Жахан Отарғалиев та пікір білдірді. Ол бал айы ойындағыдай керемет деңгейде өткенін айтып, енді бар күшін жұмысқа салатынын алға тартты.
"Демалыс бітті, енді барымды салып жүмыс істеуім керек. Балжан енді кемінде бір жыл бойы менің мазамды алма", - деп жазды актер.