Түркістанда «Neke tour» республикалық байқауы өтпек

1 648

Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күніне орай Түркістан қаласында «Neke tour» республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтпек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сәуір айының 3-і мен 9-ы аралығында ұйымдастырылған шараға ел бойынша жалпы 345 жұп өтінім берген. Байқауға қатысушыларды іріктеу барысында еліміздің түкпір-түкпірінен 15 жұп үздік деп танылып, Түркістанға жолдама алып отыр.


Қорытынды кезеңде жеңімпаз жұптар «Шаңырақ», «Махаббат», «Ару», «Жанұя» номинацияларымен марапатталады. Олардың Түркістан өңіріне келіп-кету билеті, романтикалық кешкі асы, қонақүйде тұру шығыны ұйымдастырушылар тарапынан қамтамасыз етіледі.


«Іс-шара шеңберінде қатысушылар Қ.А.Ясауи, Арыстанбаб кесенелеріне дұға етуден бөлек, Рабия бегім, Гауһар ана, Домалақ ана сынды қазақ ұғымындағы әзиз аналардың рухына тәу етеді. Бұдан бөлек, байқауға қатысушы жұптар арнайы отбасылық қатынастар жөніндегі жетекші психологтың шеберлік сабағына қатысуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, жас жұбайлар Түркістанның көрікті жерлерін аралап, қала бойынша тегін экскурсия жасайды», - деді Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Медеуов.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.