Қазақстанның атынан Оскар сыйлығына «Сары мысық» фильмі ұсынылды

429
Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі Қазақстанның атынан «Оскар» жүлдесінің «Шетелдің үздік фильм» номинациясына ұсынылды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Кинотуындыны Short Brothers (Қазақстан), Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және Arizona Productions (Франция) қомпанияларының қатысуымен Zerde Films (Қазақстан) компаниясы түсірді.

Фильмнің әлемдік түсаукесері 77-ші Халықаралық Венеция кинофестивалі шеңберінде өтті.

Сондай-ақ кинотуынды Ресейдің «Ника» номинациясына және Asian Film Awards жүлдесінің «Үздік режиссер», «Үздік оператор» және «Үздік суретші» үш бірдей номинациясына ұсынылған болатын.

Осы уақыт аралығында аталған фильм Қытайда өткен «Жібек жолы» халықаралық кинофестивалінде «Ерекше сценарий» жүлдесімен, Батумиде және Стокгольмде өткен Hope International Film Festival фестивалінде «Үздік режиссер» жүлдесімен, «Мәскеулік тұсаукесер» кинофестивалінде киносыншылардың жүлдесімен, Verona International Film Festival және Brugge International Film Festival кинофестивалдерінде «Үздік көркем фильм» жүлдесімен марапатталған болатын.

Фильмнің сценарий авторлары - Әділхан Ержанов пен Инна Смаилова. Продюсерлік міндетті режиссердің тұрақты әріптестері Серік Әбішев пен Ольга Хлащева атқарды.