Елімізде «Ұлттық киім» күнін бекіту ұсынылды
Депутат Дәулет Мұқаев "Ұлттық киім" күнін бекітуді ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Елде ұлттық киімді насихаттау тек бір реттік челлендждер мен акциялармен ғана ұлықталуда. Соңғы уақытта жалпы халық арасында "Ұлттық сезім" жалпыұлттық акциясы басталып, ел арасында кеңінен қолдау тауып келеді. Акцияны зиялы қауым өкілдері, журналистер мен блогерлер, оқу ордалары қолдап, аптаның әр жұмасында ұлттық нақыштағы киімдерді киіп жүргендер қатары көбейді. Осы акцияны бастаған азаматтарға ерекше алғысымды білдіремін. Ұлттық киім мәдени майданның негізгі қаруы, халық санасына әсер етуші күш екенін ескерсек бұл мәселеге үстіртін қарауға болмайды", - деді Дәулет Мұқаев.
Алдағы уақытта ұлттық нақыштағы киім кию дәстүрін тек Наурызбен, акциялармен ғана шектемей, оны трендке айналдыру қажеттігін атап өтті.