Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр

2 670

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігіҚазақстандық делегация Өзбекстан астанасында өтіп жатқан халықаралық волонтерлер форумына қатысуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Биыл ТМД-ның жастар астанасы болған Ташкент өз жұмысын осы іс-шарамен қорытындылады.

Іс-шараға еріктілер қозғалысының көшбасшылары, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ ТМД елдерінің тәлімгерлері қатысты. Форум волонтерлік мәдениетті дамытуға және өңірдегі, әлемдегі волонтерлер күшін біріктіруге бағытталған.

Форум аясында ТМД елдеріндегі волонтерлік қызметке арналған көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ БҰҰ-ның Орталық Азиядағы волонтерлік қызметке алғашқы шолуы жасалды.

Сонымен қатар, форумға қатысушылар 2024 жылды қорытындылап, алдағы ынтымақтастықты талқылады.

Айта кетейік, 2025 жылғы ТМД-ның жастар астанасы ретінде Әзірбайжанның ең көне қалаларының бірі – Габала таңдалды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.