«Айбоз» әдеби сыйлығына шығармаларды қабылдау басталды

1 970

Жүлде қоры – 35 млн теңгені құрайтын «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармаларды қабылдау басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.



Ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драма», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын», «Үздік комикс» номинациялары бойынша шығармалар қабылданады. Байқауға отандық қаламгерлер қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне байланысты шектеу жоқ.


Үміткерлер өтінімдерін 1 мамыр – 1 қыркүйек аралығында www.aiboz.kz сайты арқылы жіберу қажет. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.


«Айбоз» – отандық қаламгерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын ұлттық әдеби сыйлық. Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар ғана қабылданады. Бұл қазақ әдебиетінің қоры 7 номинация бойынша жүздеген жаңа туындылармен толығады деген сөз. Сондай-ақ, қаламгерлер арасында бәсеке пайда болып, соның нәтижесінде оқырманға өзекті, қызықты әрі заманауи шығармалар жол тартады», - дейді Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.