Шаш үлгісін өзгертіп тастаған Гүлназ Жоланова көпшілікті таңғалдырды

799

Фото: видеодан скриншотҚазақстандық танымал актриса Гүлназ Жоланова имиджін өзгертіп тастады. Өнер иесі ел назарына жаңа шаш үлгісін ұсынды. 

Гүлназ Жоланова Instagram парақшасында қысқа шашпен тұрған фотосын жариялап, елді таңғалдырды. Желі қолданушылары актрисаның бұл өзгерісіне қатысты екі түрлі ой білдірді. Бірі оның жаңашылдығын қолдаса, енді бірі әртістің ұзын шашын кесіп тастағанына күйінген. 

Пікір білдірушілер арасында өнер иесінің шашын расымен қиғанына күмәнмен қарағандар да болды. Олар бұл тек қана кинодағы образ үшін жасалған дүние екенін алға тартып, Жоланованың парик киіп алғанын жазды.

"Корея қызы секілді" , "Өте әдемісіз" , "Шашыңызды неге кестіңіз?", "Ұзын еді ғой шашыңыз", "Сіздің орныңызда болсам шашты қимас едім" , "Мынадай шаш үлгісі жараспайды. Неге қиып тастадыңыз" , "Гүлназ елдің сөзін тыңдамаңыз. Сізге бәрі жарасады" , "Олар өнер адамдары оларға жаңашылдық пен өзгеріс әрдайым керек. Неге сонша шу шығардыңдар? Бас аман болсын, шаш өсер" , "Ал мен сенбеймін. Бұл бар-жоғы парик секілді" , "Кезекті түсірілім үшін жасалған" , - деп жазуда халық. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.