Құнанбай қажы мешітінің бастапқы айшығы табылды

512
Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешітінің алғашқы айшығы табылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақапарат агенттігі.

Бұл айшықты өткен  ғасырдың 30-жылдары қызыл үкіметтің жендеттері мұнарадан  атып түсірген деген мәліметтер бар. Құнды жәдігер қазір таңда өлкетанушы Ерлан Мұстафиннің қолында. Айшық осы күнге дейін қалай сақталды? 1930 жылдары қызыл үкіметтің жендеттері мешітті қирату керек деген бұйрық шығарып, Имаш есімді кісі айшығын мылтықпен атып түсірген екен. Бірақ ол сол жерде көз жұмған дейді. Бұл сұмдыққа куә болған жұрт жан-жаққа қаша жөнелгенде Сәдуақас Шәріпқажыұлы жерге құлаған айшықты алып үлгіреді. Содан бері Сәдуақас молда  жәдігерді сақтап, өмірінің соңына дейін жастығының астында жасырып келген. 

Ерлан Мұстафин айшықты соңғы рет алған ақсақалдың үйінен тапқан. Ол кезде қария қайтыс болып, балалары жәдігерді керек қылмапты. Айшық Қытайға жөнелтейін деп жатқан темір-терсектің арасында жатқан. Жалпы тарихи деректерге сүйенсек, бұл мешіт өткен ғасырдың ортасында жатақхана, пионерлер үйі, қойма болған. Тіпті, 80-ші жылдары атқораға айнала жаздапты. Кейін Тәуелсіздік алған жылдары қайта түледі. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.