Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Кемел Ақышевтың туған күні

968

23 мамыр қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі Кемел Ақышевтың туған күні, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгін қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ғылым академиясы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Кемел Ақышев дүниеге келген күн.


Павлодар облысының Баянауыл кентінде туған. Қазақ мемлекттік университетін бітірген. 1950-1955 жылдары – Қазақ Ғылым академиясының аспиранты, кіші, аға ғылыми қызметкері.


1955-1990 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты археология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1991 жылдан Ә.Марғұлан атындағы Тарих, археология және этнография институтының бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болып қызмет атқарған. К.Ақышев 1954 жылдан бастап Солтүстік, Оңтүстік және Жетісу археологиялық экспедицияларының ұйымдастырушысы және жетекшісі болды. Көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерін, әлемдік маңызы зор Есік обасынан табылған «Алтын адам», Бесшатыр, Отырар жәдігерлерін зерттеген. Ғалым көне Қазақстан тарихының негізгі тұжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты. Оның 220-ға жуық ғылыми еңбегі, соның ішінде 14 монографиясы бар. «Парасат» орденімен марапатталған.