Бүгін – Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл

2 582

Фото: zhumeken.kzБүгін – қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның Мемлекеттік әнұранының авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтің туған күні, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы 28 қарашада Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қошалақ құмының Ашақ атты қонысында дүниеге келген.

Ақынның тұңғыш жыр жинағы «Балауса» деген атпен 1961 жылы жарық көрді. «Балауса» жинағы арқылы Жұмекен әдебиетке тың леп әкеліп, қазақ поэзиясының дамуына зор үлес қосты.

Ол поэзиядан бөлек, проза жанрына да қалам тербеп, әдеби сын, естеліктер, ән мәтіндерін жазды. Оның «Ақ шағыл», «Кішкентай», Даңқ мен дақпырт» атты романдары жарық көрген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.