Елімізде республикалық терминологиялық комиссия құрылды

2 536

pressmaster  / Depositphotos.comҒылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 18 наурыздағы Республикалық терминологиялық комиссия құру туралы бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Республикалық терминологиялық комиссия қазақ тілінің экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің барлық салаларында терминологиялық лексикасы бойынша ұсыныстар әзірлейтін және өз қызметін қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган қызметін атқарады.


Комиссияның негізгі міндеттері:


- экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің түрлі салалары бойынша қазақ тілінің терминологиялық лексикасы саласында ұсыныстар әзірлеу;


- терминдерді қарастыру және қабылдау;


- экономика, ғылым, техника және мәдениеттің түрлі салалары бойынша комиссия бекіткен терминдерді бюллетеньдер мен салалық терминологиялық сөздіктер түрінде шығаруға ұсынымдар дайындау, сондай-ақ терминдерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;


- қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша, оның ішінде экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің тиісті салалары бойынша терминологиялық секциялар құру;


- қажет болған жағдайда терминдерді практикалық қолдану мен қолданудың дұрыстығы мен дәйектілігін айқындау мақсатында қазақ тілінің терминологиясын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау үшін мамандарды, ғалымдарды, экономиканың, ғылымның, техника мен мәдениеттің тиісті салаларының терминологиялық секцияларының мүшелерін, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін тарту.