Президент Ұлттық музейдегі өнер туындыларымен танысты

2 527

Фото: АқордаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Ұлттық музейге арнайы барып, отандық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларының көрмесімен танысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Президентке өнертанушы Ольга Батурина қазақстандық талантты қылқалам шеберлерінің туындылары жинақталған «Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер» атты көрмені таныстырды.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа әйгілі италиялық суретші Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» (La bella principessa) картинасының түпнұсқасы көрсетілді.

Танымал туындының көрмесі Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай Италияның Scripta Maneant баспасымен бірлесе ұйымдастырылған. Жоғары Ренессанс дәуіріне жататын бұл құнды жәдігер Еуропадан тысқары жерге алғаш рет шығарылып отыр.


Көрме еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Италияның Қазақстандағы елшілігінің және Италия мәдениет институтының қолдауымен өтіп жатыр.


Астана тұрғындары мен қонақтары Леонардо да Винчидің осынау бірегей туындысын 4 тамызға дейін тамашалай алады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.