"Шетелдегі қазақ балалары" жобасы эфирге қайта оралды
697
"Шетелдегі қазақ балалары" жобасы 9 жылдан кейін эфирге қайта оралды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, жоба Президент Телерадиокешенінің бастамасымен қолдау тапты.
Жоба авторы араға 9 жыл салып, эфирге қайта оралуы үшін атсалысқан телерадиокешен басшылығына өзінің және қазақ халқының атынан шексіз алғысын білдірді.
Сондай-ақ ол аталмыш жобаның продюсері және редакторы Алпамыс Шаримовтің қосқан үлесін де ерекше атап өтіп, оған сенім білдірді.
Әлеуметтік желіде журналист Испаниядағы екі қазақ баласының бір-бірімен танысу сәті түсірілген видеоны жүктеді.
Испаниядағы жігіттің өмірі бағдарламаның жаңа шығарылымында көрсетілмек.
Оның айтуынша, жоба Президент Телерадиокешенінің бастамасымен қолдау тапты.
«Авторлық жобаммен бірге телевидениеге оралдым!Шетелдегі қазақ балалары» жобасы 9 жылдан кейін қайта жалғасады. Шетелдіктер асырап алған қазақтың жетім балаларының тағдыры туралы бағдарлама Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жыл балалар жылы деп жариялауына орай, Президент Телерадиокешенінің бастамасымен және қолдауымен жарық көргелі отыр», – деді журналист.
Жоба авторы араға 9 жыл салып, эфирге қайта оралуы үшін атсалысқан телерадиокешен басшылығына өзінің және қазақ халқының атынан шексіз алғысын білдірді.
«Кезінде халықтың ықыласына бөленіп, қоғамда резонанс тудырған жобаның қайтадан көрерменге жол тартуына өлшеусіз еңбек сіңірген Президент Телерадиокешенінің Бас директоры Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаеваға зор алғысымды білдіргім келеді.
Қымбатты Раушан Жаңабергенқызы, ыстық ықыласыңыз бен құрметіңіз үшін рахмет! Бүкіл қазақ халқы сізге рахмет айтады деп ойлаймын», – деді ол.
Қымбатты Раушан Жаңабергенқызы, ыстық ықыласыңыз бен құрметіңіз үшін рахмет! Бүкіл қазақ халқы сізге рахмет айтады деп ойлаймын», – деді ол.
Сондай-ақ ол аталмыш жобаның продюсері және редакторы Алпамыс Шаримовтің қосқан үлесін де ерекше атап өтіп, оған сенім білдірді.
«Алпамыстың арқасында «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы қайта қанат жайды. Күн-түн демей, жұмысымыздың алға басуына тер төкті. Ол бұл жобаны жанынан артық жақсы көретінін білемін. Осы бағдарламаның продюсері ретінде командамызды алыс сапарға бастап барады. Продюсерің болған қандай керемет! Бұрын жобаның бүкіл міндеті мойнымда болса, қазір продюсеріме сенемін», – деді Ж. Байсеміз.
Әлеуметтік желіде журналист Испаниядағы екі қазақ баласының бір-бірімен танысу сәті түсірілген видеоны жүктеді.
«Видеодағы сол жақтағы жігіттің есімі Арсен, Қарағандының тумасы, ал жанындағы азамат — Ержан. Ол Алматыдағы балалар үйінен. Екеуін құрдас деуге де болады.
Арсен – 19 жаста, Ержан шілденің 21 күні 20-ға толады.
Арсен туған анасын іздеп жүр. Анасына «Мені не үшін тастадың, екі күн ғана болған сәбиді қалай тастап кетуге болады?» деген сұрақ қоймақ», – деп жазды ол видео астына.