Мәдениет министрлігі орманшылар туралы фильм түсіріп жатыр

2 667

Фото: oskemen.infoМәдениет және ақпарат министрлігі орманшылар туралы фильм түсіріп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы Аида Балаева мәлімдеді.

Министр ірі және ауқымды шаралар арқылы ел санасында жаңа эко-мәдениет қалыптастыру жұмысы қолға алынатынын айтты.


«Әрине, ерекше назарды арнайы киножобалар мен сериалдар түсіруге аударамыз. Жалпы, біз «қоршаған орта» тақырыбына 2025 жылдың басында-ақ кинотуындылар түсіруді басымдық ретінде белгілеп қойғанбыз. Осы жылдың өзінде орманшылар туралы «38» атты киножоба басталып кетті, келесі жылы бітіруді жоспарлап отырмыз. Қоқыспен күрескен эко-белсендінің оқиғасы туралы «Ақжауын» сериалын да осы жылы көрерменге ұсынамыз», - деді Балаева.

Сонымен қатар, оның айтуынша, табиғатты аялау, еліміздің ең әдемі жерлерін насихаттауды мақсат еткен «Саяхат Тайм» трэвел шоу» ұлттық тележобасы мен кішкентай көрермендер үшін экологиялық танымды дамытатын үш бірдей анимациялық жоба түсірілмек.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.