Татарстанда қазақ зиялыларының көрмесі ашылды
389
Қазандағы «Хазинэ» ұлттық өнер галереясында қазақтың ақын-жазушыларына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жерде бір жылда 30-дан астам көрме өткен. Онда қазақ жазушыларымен байланыс орнатып, олардың туындыларын өз шығармаларына арқау еткен Бақы Урманченің еңбектері қойылған. Татар суретшісінің «Абай жұмыс үстінде», «Жангелдиннің ұлы өткелдері» атты тарихи полотнолары мен ғажап пейзаждары өнер сүйер қауім арасында жоғары бағаға ие болған. Қылқалам шебері жыр жампозы Жамбыл Жабаевтың, биші Шара Жиенқұлованың портретін жазған.

Суретші саналы ғұмырының бір бөлігін қазақ жерінде өткізген. Осы уақыт оның шығармашылық кезеңінің шыңы деп айтсақ болады. Бақы Урманче ел аралап, қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен танысқан. Қазақстанда өмір сүргенде ол портрет жанрына ерекше мән беріп, шығармашылығын шыңдады, - деді «Хазинэ» ұлттық өнер галереясының меңгерушісі Алина Шарафутдинова.