ADTribune атты VII жыл сайынғы медиа-жарнамалық конференция өтеді

2 397

Фото: Орталық Азия жарнама Кауымдастығы5 маусымда Алматыда ADTribune атты VII жыл сайынғы медиа-жарнамалық конференция өтеді. Шараны Орталық Азия Жарнама Қауымдастығы ұйымдастырып отыр,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Саланың үздік сарапшылары мен кәсіби мамандары бір алаңда бас қосады, сондықтан бұл шараны Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы ауқымды әрі маңызды оқиғалардың бірі деп айтуға негіз бар.

Конференция аралас форматта өтеді. Спикерлер мен қатысушылар офлайн кездеседі. Сонымен қатар Қазнеттің кең қамтылған алаңдарында https://www.youtube.com/live/yrDjuYWxg3A   сілтемесі бойынша тікелей эфирде онлайн көрсетілім де қарастырылған.

Конференция барысында осы жылдың бірінші тоқсанына қатысты медианарық бойынша жаңа деректер жарияланады. Қатысушылар теледидар мен радиодағы жарнаманың болашағын, сыртқы жарнама нарығының өзгеруін, сондай-ақ цифрлық жарнама саласындағы жаңалықтар мен трендтерді талқылайды. Шара барысында нарықта қолданылып жатқан жаңа кейстер, тәсілдер мен құралдар ұсынылады. Ссонымен қатар мамандарға пайдалы деректер мен зерттеулер таныстырылады. Қысқаша айтқанда, саланың қазіргі сәттегі барлық жаңалықтары осы конференцияда айтылады.

ADTribune 2025 конференциясының бас серіктесі – Forte.

Ресми серіктес – Қазақстандағы Google Ads-тың ресми реселлері Admixer Media.