Қуыршақ театрларының «Ортеке» халықаралық фестивалі өз мәресіне жетті

1 735

Алматы қаласында «Ортеке» VI халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Апта бойы өткен өнер мерекесіне Грузия, Түркия, Корея, Өзбекстан, Қырғызстанның және еліміздің қуыршақ театрлары қатысып, балалар мен ересектерге арналған үздік қойылымдарын ұсынды. Фестиваль аясында конкурстық және конкурстан тыс спектакльдердің көрсетілімдері Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында, Мемлекеттік қуыршақ театрында және Тотальный театры сахналарында өтті.


Фестивальдің конкурстық қойылымдарын құрамында Қазақстан, Корея, Грузия және Түркияның жетекші театр қайраткерлері бар халықаралық қазылар алқасы бағалады.


Нәтижесінде «Ортеке» VI халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің «Ең үздік қойылым» номинациясы бойынша Иакоб Гогебашвили атындағы Кутаиси мемлекеттік кәсіби қуыршақ театры Г.Х. Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» қойылымы үшін марапатталды.


«Ең үздік актерлік шеберлік» номинациясы бойынша Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры Е. Локшинаның «Мен бір жұмбақ адаммын. Абай» қойылымы үшінмарапатталды


«Ең үздік қуыршақ жүргізуші» номинациясы бойынша FFWANG театрының актеры Кван Со Ёнг «Хонг Доджи мен Исими» қойылымы үшін марапатталды.


«Ең үздік сценография» номинациясы бойынша Тотальный театрының суретшісі Юлия Чернова Г.Х. Андерсеннің «Дюймовочка» қойылымы үшінимарапатталды.


«Ең үздік қуыршақ суретшісі» номинациясы бойынша «Алақай» Ақтөбе облыстық қуыршақ театрының суретшісі Асия Курманалина «Ақ кеме» (Ш. Айтматов) қойылымы үшін марапатталды.


Сондай-ақ фестивальге қатысқан 14 театр мен 9 жеке тұлға Алғыс хатпен марапатталды.


Барлық номинация жеңімпаздары үлкен ақшалай сыйлыққа ие болды. Бас жүлде 1 300 000 теңге болды.