Ұлттық музейде Алтын Орда кезеңіне арналған жаңа зал көрермендерге ұсынылды
Ұлттық музейдің жаңа залына Алтын Орда дәуірінің жәдігерлері қойылды,
- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңа залдың негізгі мақсаты – келушілерді Алтын Орда дәуірінің тарихы мен мәдениетімен таныстыру, сондай-ақ бұл мемлекеттің Қазақстан тарихындағы маңызын көрсету. Экспозиция арқылы еліміздің осы ұлы мемлекеттің тарихи мұрагері екені айқын көрініс табады. Көрмені дайындауға тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қанат Өскенбай жетекшілік еткен ғалымдар тобы атсалысқан. Зерттеушілер Жошы ұлысы мен Қазақ хандығы арасындағы тарихи сабақтастықты нақты деректер негізінде көрсетіп отыр. Белгілі болғандай, Алтын Орда қазіргі Қазақстан аумағының басым бөлігін қамтыған, ал оның ыдырауынан кейін бұл жерде жаңа мемлекеттер, соның ішінде Қазақ хандығы қалыптасты.
Экспозицияның басында келушілерге Жошы ұлысының ауқымды картасы ұсынылады. Онда Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін жерінің ұлдарына бөлінуі және ең үлкен үлестің Жошыға тигені бейнеленген. Оның иелігі Дешті Қыпшақ даласын түгел қамтып, Сырдариядан бастап Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін, Дунайдан Ертіске дейін созылған кең аумақты алып жатқан. Жалпы экспозицияға 200-ге жуық жәдігер қойылған. Олардың барлығы еліміз аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Негізгі бөлігі Ұлытау мен Алматы облыстарынан жеткізілген. Әрбір экспонат туралы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілген.
Аумағы 370 шаршы метрді құрайтын зал үш негізгі бөлімнен тұрады:
- «Қала мәдениеті» бөлімінде XIII–XIV ғасырлардағы тұрмыс-тіршілік, саяси жүйе және материалдық мәдениетке қатысты бұйымдар, зергерлік әшекейлер мен сирек олжалар қойылған. Шеңгелді ауылы маңынан табылған Шағатай ұлысының ақсүйектеріне тиесілі жібек киімдер ерекше назар аударады.
- Сүйек пен жібек: Алматы облысының Шеңгелді ауылы маңынан табылған Шағатай ұлысы ақсүйектерінің жібек киімдері мен салтанатты киім үлгілері келушілерді ерекше қызықтырады.![]()
Көрме заманауи технологиялармен де толықтырылған. Келушілер Алтын Орда мен Қазақ хандығы туралы қысқаметражды фильмдерді үш тілде көре алады. Сонымен қатар экспозицияда 3D-витриналар қолданылып, музей қорында жоқ кейбір жәдігерлердің үлгілері де ұсынылған.







