Парижде Ұлы Дала әуендері шырқалды

446
Францияда «Дударай» мен «Құсни Қорлан» әндері шырқалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Камералық концертке Австрия, Италия, Франция, Германия, Түркиядан келген әртістер қатысты. Тамыры қазақтан тараған музыканттар қандастарына сый жасау үшін бас қосты. Кіші құрылтайға тарихи отанынан алшақта тұратын жүздеген қазақ жиналды. Еуропаның концерт сахналары мен театрларында өнер көрсететін қандастарымыз бір-бірін жақсы біледі. Өзара қолдау көрсетіп, бірлескен жобалар жасауға тырысады. Орайы келгенде қазақстандықтарға арнап, концерт қоюды да дағдыға айналдырды. 

Лаура Әли, әнші (Италия)


- Өзара араласып, бір бірімізге көмек беруге тырысамыз. Әрқайсымыз өзі тұрып жатқан қаласында біз үшін маңызды шара ұйымдастыруға күш салады

Кұдайберген Әбілдин, әнші (Германия)

- Ең бастысы, Отанымызбен байланыста болу. Өйткені Қазақстанда дүниеге келдік. Құрылтай кезінде шетелге қазақ мәдениетін танытатын концертте ән орындауға мүмкіндік болса, мен алғы қатарда боламын.  

Мадияр, музыкант (Австрия):

 - Қазақ музыкасы өте әдемі деп санаймын және оны оңай бейімдеуге болады. Еуропалықтардың көңілінен шықсын деп, аранжировака жасауға тырыстық. Париждегі ең беделді сахналардың бірінде Дударай мен Құсни Қорлан әндері шырқалды. Туған жерін сағынған Құрылтай қонақтары Ұлы дала әуендерін жылы қабылдады

Рахман Мустафаев, Әзербайжанның Франциядағы Елшісі:

 - Осындай шараларды Францияда және Еуропаның өзге астаналарында жиірек өткізудің маңызы зор. Бізді біріктіретін және құнар алатын топырағымыз мәдениет. Сондықтан түркі халықтардың мәдениетін Еуропаға жеткізгіміз келеді, бұл осы аймақтағы беделімізді күшейтер еді.  Бұл шараны Отандастар қоры мен Франциядағы елшілігіміз ұйымдастырды. Концерттен кейін ұйымдастырушылар Париждегі Қорқыт мәдени орталығының жас домбырашыларына музыкалық аспаптарды сыйға тартты. Бәлкім болашақта олар да осы сахнада өнерін көрсетеді.