Ясауи мұрасы ЮНЕСКО аясында кеңінен дәріптеледі

2 503

Фото: ©Ақорда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4-сәуірдегі қаулысымен 2026–2028 жылдарға арналған Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4-ші сәуірдегі қаулысымен 2026–2028 жылдарға арналған Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоспар бірнеше бағыт бойынша 37 іс-шараны қамтиды:

- Қожа Ахмет Ясауи атындағы сыйлықты институционалдық және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету

- Ғылыми-зерттеу және білім беру бағытындағы жұмыстар

- Мәдени-ағартушылық және шығармашылық іс-шаралар

- Ақпараттық-имидждік және халықаралық деңгейде насихаттау

- Мұраны қалпына келтіру (реставрация)

- Түркістан қаласында оқушылар арасында дәстүрлі «Ясауитану» байқауының республикалық кезеңін ұйымдастыру

- Қожа Ахмет Ясауидің шығармалары мен ғылыми еңбектерін басып шығару 

- «Ясауитану» атты халықаралық ғылыми журнал шығару

- Мектептерде «Yassawi Week» атты апталық іс-шаралар өткізу

- «Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы: жастар көзқарасы» тақырыбында республикалық эссе байқауын өткізу

- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында «Ясауи мұрасы және оның түркі әлеміне ықпалы» атты республикалық конференция ұйымдастыру

- Астана, Алматы және Түркістан қалаларында архивтік материалдар мен қолжазбалар негізінде құжаттық көрмелер өткізу

- Облыс орталықтарындағы көшелердің немесе даңғылдардың біріне Қожа Ахмет Ясауи есімін беру

- Отандық және шетелдік БАҚ пен әлеуметтік желілерде арнайы жобаларды (подкаст, челлендж, бейнероликтер) іске қосу

- ЮНЕСКО аясында Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттауға арналған халықаралық ғылыми конференция ұйымдастыру

-Шетел мемлекеттерінде парктерге немесе көшелерге Қожа Ахмет Ясауи есімін беру мүмкіндігін қарастыру

- Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу.