Келіннің жолын ауырлататын өзіміз - Зейнеп Ахметова

2 206

Фото: З.АхметоваСалт-дәстүр насихаттаушы, жазушы, қоғам қайраткері Зейнеп Ахметованың келін туралы пікірін ұсынамыз, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

 

"Меніңше, қыздын жолы емес, келіннің жолы  – жіңішке. Келін  – жат жұртқа келген кешегі кыз бала. Қызғалдақ-ғұмырын қиып, басқа жұртқа, бөтен елге келді. Басқа ата-ананың тәрбиесін көрді. Шаңырақтары бөлек, салт-дәстурі, тіпті ішетін тамағы да бөлек елден келді. Кешегі бұла өскен қыз баланын бір күнде келін атаны, жат жұртқа үйренісіп, бейімделіп кетуі деген өте қиын. Міне, осы кезде жас келінге қадалатын көз де көп, айтылатын сын сөз де көп. Түк көрмегендей жас келіннін киген киімі мен жүрген жүрісін сөз қылып, ұнамды қылығы болса, сүліктей қадалатын көзімізді сүземіз. Біздің ең үлкен қателігіміз осы. Келіннің жолын ауырлататын өзіміз".