Қызылордада Асанәлі Әшімовтің қатысуымен халықаралық театрлар фестивалі ашылды

2 174

Фото: Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасыН.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойына орай КСРО Халық артисі Сәбира Майқанова атындағы халықаралық театрлар фестивалі ашылды, - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оған Қазақстанның Еңбек Ері, Халық артисі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық артисі, Театр қайраткерлері одағының төрағасы, режиссер Тұңғышбай Жаманқұлов қатысты. Салтанатты рәсімде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәдениет және руханият саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Жиында өңір мәдениетіне елеулі үлес қосқан сала мамандары марапатталды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.