Қызылорда облыстық музейі құнды құжатпен толықты

2 510

Фото: Қызылорда обл тарихи-өлкетану музейіҚызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ҚР Орталық мемлекеттік архиві қорында болып, қор құжаттарымен танысқан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі KAZINFORM порталына сілтеме жасап.

Ғылыми зерттеу нәтижесінде Қазалы және Перовск уездерінің ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы тарихына қатысты 140 парақтан астам құжат көшірмесі алынған.

Сондай-ақ облыс орталығында орналасқан Христос Спаситель шіркеуінің сызбасы алғаш рет музей қорын толықтырды. Бұл – мемлекет қорғауындағы сәулет өнері ескерткіші. Құжатта негізінен жаңа шіркеудің салынуына байланысты 1890 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында жүргізілген жұмыс, оған қатысқан заңды тұлғалар туралы ақпарат қамтылған, - делінген хабарламада.

Шіркеу салу қажеттілігі патшалық Ресей әскерінің келуіне байланысты христиан дінін уағыздаушылар көбейгесін пайда болған. Осылайша 1855 жылы поп Л.Гороховскийдің жетекшілігімен Перовскіде жылжымалы шіркеу ашылған. Кейін жаңа ғимарат салынып, ол өз тарихында әртүрлі мақсатта қолданылған. 1989 жылдың мамыр айынан бастап ескі ғимарат қайтадан православ шіркеуіне айналған.

Музей қызметкерлері архив құжаттарын жан-жақты талдап, зерттеп болғаннан кейін нәтижесін бөлісетінін мәлімдеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.