А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына дайындық қызу жүріп жатыр
218
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына дайындық қызу жүріп жатыр, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Қазақтың ағартушы ғалымы, ақын, көрнекті қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына дайындық қызу. Алматыда ғалымға ескерткіш орнату жоспарланған.
Шығармаларының 12 томдық жинағы басылымға дайын. ЮНЕСКО штаб-пәтерінде және ТҮРКСОЙ аясында іс-шараларды өткізу кестесі белгіленді. Дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында бүгін мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттауға бағытталған халықаралық, республикалық, өңірлік іс-шараларды жыл соңына дейін жоғары деңгейде өткізу қажеттігін айтты.