Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойы тойланды

927

Отырарда Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойы тойланды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 

Бір топ зиялы қауым Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасап, құран бағыштады. 

Жиында сатирик Көпен Әмірбек ақиық ақынның 80 жасқа толған мерейтойы туған жері — Отырардан бастау алуы үлкен құрмет екендігін айтты.Ал, музей директоры Жангелді Махашов еліміздің тәуелсіздігі мен ана тілінің мәртебесі үшін ақынның қосқан еңбегі орасан зор екендігін жеткізді.

Ақынға аудан тұрғындары ақбоз ат мінгізіп, құрмет көрсетті. Сондай-ақ «Алтын домбыра» иегері, белгілі айтыскер Бекарыс Шойбеков арнау айтты.


Жиынға Қуаныш Айтаханов, Құлбек Ергөбек, Көпен Әмірбек, Жеңісбек Мәуленқұлов, Қазыбек Иса, Әлімжан Құртаев, Серікжан Сейітжанов, Ханбибі Есенғарақызы, Қалима Жантөреева, Бекжігіт Сердәлі сынды ел азаматтары қатысты.
Ақынға Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан облыс әкімінің құттықтау хаты мен сый-сияпатын жеткізсе, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиевте лебізін білдірді.
Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы, Қызылорда облысы әкімінен және еліміздің әр аймағынан келген жедел құттықтаулар оқылып, ақынға сый-сыяпат жасалды.


Мәдени іс-шара Хадиша Шалабаева бастаған әншілердің қатысуымен өткен концертке ұласты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.