Ауыл өнерпаздары "Домбыра күні - ұлттың үні" атты шарада өнер көрсетті

1 631

Қызылорда облысы Сырдария аудынының Айдарлы ауылында "Домбыра күні - ұлттың үні " атты "Домбыра Party" ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ауыл әкімінің қолдауымен, Ғ. Жанұзақов атындағы ауылдық клубы 1 шілде - Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай "Домбыра күні - ұлттың үні " атты "Домбыра Party" ұйымдастырылды.


Концерт барысында ауыл әкімі Айбол Төребекұлы барша қазақ елін Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді. Көрерменге рухани азық сыйлаған бұл шарада домбыра үнімен ән айтылып, күй тартылды. 

 

Жиналған қауымға халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Ермахан Ә. "Тәлім" термесімен, Көзейбай Дәулетхан Құрманғазының "Балбырауын" күйін, Ыдырыс К "Ұлдарым" термесімен, "Сұлу-ай" әжелер ансамблінің мүшесі Искакова Гүлжан "Аққу" күйін, дәстүрлі әнші Қуаңбаев Әділхан Бұдабайдың өсиетін және "Сұлу-ай" шығармашылық өнер орталығының өнерпаздары "Қосалқа" күйлерін тарту етіліп, көрермен ықыласына бөленді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.