Қазақстандық режиссердің фильмі халықаралық кинофестивальде бас жүлдеге ие болды

304
Қазақстандық режиссер Камила Норусованың фильмі Оңтүстік Кореяда үздік шықты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" сілтеме жасап.

Қазақстандық режиссер Камила Норусованың фильмі Оңтүстік Кореяда үздік шықты.

«Мен түсінбеймін» деп аталған қысқаметражды фильм Ечон қаласында өткен халықаралық кинофестивалдің бас жүлдесін жеңіп алды. Байқауда 11 елден 948 туынды іріктелген екен. Барлығы ұялы телефон арқылы түсірілген. Ал он минуттық «Мен түсінбеймін» фильмінде интернационалдық отбасындағы ерекшеліктер көрсетілген. Фильмдегі басты рөлдерді режиссердің достары – қазақстандық студент Аида Азат пен оңтүстіккореялық Им Джон Мук сомдаған.
Ал режиссер Камила Норусова – Талғар қаласының тумасы. 4 жылдан бері Оңтүстік Кореяда тұрады. Екі баланың анасы. Режиссер фантастика, комедия және фэнтэзи жанрларында 9-ға жуық фильм түсіруді жоспарлап отыр.

Камила Норусова, режиссер:

– Фестивальден кейін көптеген режисерлер бірлескен жобаларын ұсынып жатыр. Мен 2 елде жұмыс істеуді жоспарлап отырмын. Оның бірі – Қазақстан. Маған бұл елдің табиғаты ұнайды. Мен осы Қазақстанға барып, нағыз фильмнің қалай түсірілетінін көрсеткім келеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.