«Анна Каренина. Роман парақтары» спектаклінің премьерасы өтті

2 528

Фото: gov.kzҚалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Анна Каренина. Роман парақтары» атты хореодраманың премьерасы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Спектакльдің жанры – хореодрама. Бұл жанр драмалық әрекетті қимыл-қозғалыс, пластика және музыкалық шешімдер арқылы жеткізуге мүмкіндік береді. Қойылымда автордың адам болмысы, қоғам мен жеке тұлға арасындағы қайшылықтар туралы терең философиялық ойлары заманауи сахна тілінде ұсынылады.

Басты рөлдерді екі құрамда театрдың танымал әртістері мен жас актерлер сомдайды. Сахналық нұсқасының авторы әрі қоюшы режиссері – Рача Махатаев, қазақ тіліне аударған – Қымбат Елубаева.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.