Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды
Президент мәдениет және ақпарат министрін тағайындады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Қырықбаев бұл қызметке тағайындалғанға дейін президентінің көмекшісі болды.
Бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі қызметін Аида Балаева атқарды.
Сонымен қатар Тоқаев тағы төрт министрді өз орнында қалдырды. Олар:
Айдарбек Сапаров - ауыл шаруашылығы министрі.
Асқарбек Ертаев - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Ербол Мырзабосынов - туризм және спорт министрі.
Саясат Нұрбек - ғылым және жоғары білім министрі.
Қаз
Рус






